13.12.2018, 17:58
Қараулар: 629
Қаратөбе ауылдық округінде – жаңа әкім

Қаратөбе ауылдық округінде – жаңа әкім

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңының 19 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабының 11-тармағына және 2018 жылғы 7 желтоқсандағы  Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес, аудан әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №185  өкімімен  Әмірғали Айдос Орынбайұлы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметіне кірісті.  

Бүгін  аудан әкімі Жанат Асантаев Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне  жаңадан сайланған Айдос Әмірғалиды таныстырды. Осыған дейін әр салада қызмет атқарып, мол тәжірибе жинаған Айдос Орынбайұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеген Жанат Асылханұлы алдағы уақытта абыройлы еңбек етуге сенім білдірді.

«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, Қаратөбе ауылдық округінің әкім аппаратының бас маманы Самғат Зейнуллин сөз сөйлеп қызметіне жаңадан кіріскелі тұрған округ әкіміне Елбасы саясаты мен мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылатын жұмыстарды орындауға және туған жердің өркендеуіне зор үлесін қосып, лауазымдық қызметін өз деңгейінде атқаратындығына үлкен сенім артып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы