10.04.2019, 9:57
Қараулар: 62
Қару тапсырып, сыйақы ал

Қару тапсырып, сыйақы ал

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республика аумағында халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

«Заңсыз сақталған атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесін бекіту туралы» ҚР ІІМ-нің 27.03.2015 жылғы №266 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың сәуір айының 10-ынан бастап аудан көлемінде азаматтардың сақтауында тұрған, еш жерде тіркелмеген қарулары мен оқ-дәрілері және жарылғыш заттары өтемді түрде қабылданады.

Қаруды өз еркімен тапсырғандар оны осы кезге дейін заңсыз сақтап келгені үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады.

Толық мәліметті Қаратөбе аудандық полиция бөлімінен мына телефондар арқылы: 31-7-02, 31-1-29, 31-3-25, 31-1-31, 102 алуға болады.

 

Мержан ЕРКІНОВ,

аудандық полиция бөлімінің

азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау

тобы инспекторы, полиция лейтенанты