14.12.2018, 20:07
Қараулар: 550
Қоскөлдіктер аудан әкімінің жүлдесін иеленді

Қоскөлдіктер аудан әкімінің жүлдесін иеленді

Бүгін Тәуелсіздіккүні мерекесіне орай Қаратөбе ауданы әкімінің жүлдесі үшін ерлер арасында волейбол ойынынан жарыс мәреге жетті.

Тоғыз команда ішінен финалдық кезеңге жолдама алған үш құрама жарыс жеңімпазын анықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Финалдық соңғы ойында Қоскөл-Сулыкөл округтерінің ойыншылары бар өнерлерін ортаға салды. Ойын қорытындысында 2:0 есеп айырмасымен айқын басымдық көрсеткен көскөлдіктер жеңіс тұғырына көтерілді.

Турнир нәтижесінде «Үздік шабуылшы» аталымымен Алмас Шналиев  (Қоскөл), «Үздік қорғаушы» аталымымен Тимур Мырзағалиев (Жусандыой), «Үздік байланыстырушы» аталымымен Нұрбек Сайнов (Қаратөбе), «Көрермен көзайымы» аталымымен Ербол Ералыұлы (Сулыкөл) марапатталды.

Ерлер арасында волейболдан аудан әкімінің кубогі Қоскөл ауылдық округінің командасына табысталды. Қаратөбеліктер ІІ орынды иемденсе, сулыкөлдік ойыншылар ІІІ орынды қанағат тұтты.

Әкім жүлдесін сарапқа салған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан басшысы Жанат Асантаев дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы