5.04.2019, 12:51
Қараулар: 68
Қос округтің бюджеттеріне өзгеріс енгізу ұсынылды

Қос округтің бюджеттеріне өзгеріс енгізу ұсынылды

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының 6 шақырылымдағы кезектен тыс  XXIX cессиясы өтті.

          Аудандық мәслихаттың депутаты Дулат Қоламанов төрағалық еткен сессия жұмысына мәлихаттың 11 депутаты және аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан қатысты.

 

 

 

 

 

 

Сессияның күн тәртібіне сай Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы №25-3 «2019-2021 жылдарға арналған Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтерінің бюжеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың, «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №19-13 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали баяндап депутаттардан қолдауды сұрады.

Сессияда «Аудан әкімдігінің құрамы туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәелелері бойынша аймақтық комиссия құрамы туралы», «Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Хитаров хабарлама жасады.

Халық саны 2000-нан  астам, дербес бюджеті бар Қаратөбе, Сулыкөл ауылдық округтерінің бюджетіне енгізілген өзгерістерге сай  мәслихат депутаты Нұрлан Оразов өз пікірін білдірді.

Сессия барысында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы қос округтың бюджетіне енгізілген өзгерістерді талқылап, қолдауларын білдірген халық қалаулыларына  ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жүргізетіндігін айтты.

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                     Қаратөбе ауданы