18.03.2019, 12:13
Қараулар: 75
«Құқықтық  тәртіп»  жедел шарасы

«Құқықтық  тәртіп»  жедел шарасы

Наурыз мерекесі  қарсаңында көшелерде  және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарың алдын алу, ескерту және оның  жолын кесу мақсатында облыс аумағында наурыз айының 18-20 аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтуде.

Аталмыш алдын алу шарасына байланысты  Қаратөбе аудандық полиция бөлімі жол полициясының аға инспекторы Айбек Арсенов  бөлімде  жасақталған жұмыс жоспарына сай аудандық  полиция бөлімінің   учаскелік инспекторы Төлеген Халықұлымен бірге рейдке шықты.

Жедел шара аясында жол-көлік қозғалысын қадағалау барысында ауданның көлік жүргізушілеріне  түсінік жұмыстарын жүргізді.

Рейд кезінде қоғамдық тәртіптің өз деңгейінде сақталуы,  жол ережелерінің бұзылуына жол берілмеуі, қоғамдық орындарда тәртіптің қатаң сақталуы басты назарға алынды.

                                                                     Ерболат РАЙСОВ,

                                                                    Қаратөбе ауданы