21.02.2019, 11:44
Қараулар: 90
Әскерге шақырылушылар медициналық куәландырудан өтті

Әскерге шақырылушылар медициналық куәландырудан өтті

Жақында Қаратөбе аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жылдағы дәстүрге сай 2019 жылдың көктем  мерзіміне әскерге шақырылушыларды медициналық куәландырудан өткізу бойынша құрылған аудандық комиссия өз жұмысын бастады.   

Атап айтқанда, азаматтардың Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға әскери қызметке жарамдылығын медициналық комиссия қолда бар нақты талаптарға сәйкес айқындайды. Әрбір әскерге шақырылушы соңғы бес жыл ішіндегі денсаулық жағдайы туралы мәліметтер көрсетілген медициналық құжаттарды комиссияға ұсынды.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Е.Мұқановтың берген мәліметіне сай екі күнге созылған медициналық куәландырудан аудан бойынша 66 адам өткен. Әскерге шақырылушылар ақпан айының 25-нен бастап облыс орталығынан медициналық куәландырудан өтпек.

Комиссия мүшесі, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі №2029 әскери бөлімінің аға офицері Жанат Бакиров әскерге құлықтыларды шекара қызметіне әскери борыштарын өтеуге шақырып, қосымша мәліметтер берді.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы