20.10.2017, 18:13
Қараулар: 487
«Өз биігінен көрінген азамат»

«Өз биігінен көрінген азамат»

 М.Мерәліұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде қоғам қайраткері Аманбай Қожаниязовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Өз биігінен көрінген азамат» атты көрменің ашылуы өтті.

DSC_0757

Аманбай Қожаниязов 1932 жылы Аққозы ауылдық кеңесінде  дүние келген. Ол жастайынан шешендік  әңгімелерді оқуға бейім болған.  1950-1953 жылдары Орал педагогикалық училищесінде бастауыш  сынып мұғалімі мамандығын бітірді. 1953-1955 жылдары Қоскөл жеті жылдық  мектебінде ұстаздық етіп, қызметін бастайды. 1957 жылдан бастап  комсомол, партия, совхоз жұмыстарын жауапкершілікпен, абыроймен атқара білді. 1986 жылы зейнеткерлік жасқа шықты. 1989 жылы өмірден өтті. Ірі салада қызмет атқара жүріп Құрмет громаталымен марапатталды.

 

DSC_0777

Шарада аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нәжім Дәулетов, «Нұр Отан» партиясы  Қаратөбе аудандық филиалының төрағасының орынбасары Нұрлан Оразов,  зейнеткер Мәулен  Қожахметов,  ағайыны Амангелді Қажыгерейұлы сөз сөйлеп, Аманбай Қожаниязовтың бойындағы адамгершілік, еңбекқорлық, сабырлылық турасында ағайдың ізігілікті қасиеттерін айтып өтті.

Әр жылдары жауапты жұмыстарда жүріп,  өзінің мамандығына байланысты білгірлігін көрсетіп, жұмысқа жаңадан кіріскен жастарға  жол көрсетіп, үлгі бола білгендігі де айтылды.

Кеш барысында ағамыздың жолдасы Ұштап, балалары Таңат, Тұрар музей қызметкерлеріне алғыс білдіріп,  шығармашылық табыс тіледі.

Кеш соңында М.Мерәліұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Ажар Берікқалиева Ұштап апамызға естелік сыйлығын табыстады.

DSC_0788

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы