26.02.2019, 18:32
Қараулар: 745
Өнерлі шәкірттер жетістігі

Өнерлі шәкірттер жетістігі

 20-21 ақпан күндері Орал қаласында балалар музыка мектептері және өнер мектептеріндегі – жас музыканттардың 52-ші фестиваль-конкурсының облыс кезеңіне Қаратөбе балалар саз мектебінің шәкірттері қатысып жүлделі орындардан көрінді.

Конкурс музыкалық ерекше қабілеті бар оқушыларды және талантты балалар ұжымдарын дамыту және олардың шығармашылық белсенділігін және кәсіби бағдарын ынталандыруды көздеді.

Аталмыш фестивальде қазақ және орыс халық аспаптары бөлімдері: домбыра, қобыз, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара сынды аспаптарында ойнау арқылы өнер көрсетті. Жас ерекшеліктеріне қарай кіші, орта, ересек топқа бөлінген жас дарындар өзара бақ сынасты.

Өнерлі өңірден барған өнерпаздар шебер орындаушылықтарымен көзге түсіп, қазылар алқасының шешімімен үздік үштіктер қатарына енді.

Облыстық фестиваль-конкурсының қорытындысында орыс халық аспаптары бойынша үлкен топ арасында домбра примасында ерекше өнер көрсеткен Бұлбұл Ғабдиева (жетекшісі Сымбат Қайырлиева), кіші топ арасында баян аспабында шебер ойнаған Мирас Жасұлан (жетекшімі Сержан Өтениязов) және Қаратөбе балалар саз мектебінің шәкірттерінен құралған ұлт аспаптар ансамблі  (жетекшісі Жанболат Есенгелдиев) ІІІ орынға ие болды.

 

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы