9.10.2015, 12:05
Қараулар: 681
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап

«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасында әлемдегі отыз мемлекеттің қатарына ену жайында бастамасы халыққа ерекше серпін бергені шындық. Осы алға қойған асқақ мұратты жүзеге асыру үшін Елбасымыз «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын ұсынып отыр.

Елбасының Қазақстанның даму жолына арналған бес институтционалдық реформасы әлемдегі саясаттанушылардың назарын аударды. Ұлт жоспарының бес тарауын құраған «100 нақты қадам бағдарламасы кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесінен басталуы, сол сияқты «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» мен «Индустрияландыру және экономикалық өсім» тарауларындағы қадамдар да елдің өркениетті, дамыған қоғамға жету жолындағы жүзеге асырылуға тиісті шарттар мен міндеттерді алға тартады.

Бұл бағдарламада біртектілік пен бірлік жөнінде де нақты қадамдар жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім», «Нұрлы болашақ» сынды кең көлемді, ұлттық жобаларын әзірлеп, жүзеге асыру міндеттелген. «Мәңгілік ел» идеясы мен Баршаға ортақ еңбек қоғамы идеяларын одан әрі дамыту азаматтық біртектілікті күшейтіп, болашағы біртұтас ұлттың бойындағы жасампаздық әлеуетті түбегейлі ашуға мүмкіндік береді. Біздің ұзақ мерзімді даму стратегиямыздың табиғи қалпындағы құрамдас бөлігі және Қазақстанды әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосу жөніндегі бұл бағдарлама  «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын берік қор жасап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертуге негіз болатындығы сөзсіз.

 Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент: — «Бес реформаның әрқайсысы бойынша 20 қадамнан болып, жалпы есебі – 100 қадам жүзеге асырылады. Яғни, не істейміз деп бас қатырудың қажеті жоқ. Бірақ осындағы әрбір іске шығармашылық тұрғыдан қарап, ілгеріге дөңгелетіп әкету қажет. Бұл жұмыс оңай емес, бұрын-соңды жасалмаған дүниелер. Осы арқылы біз биліктің және жалпы халықтың психологиясын өзгертейік деп отырмыз! Сондықтан да барлықтарыңыздан интеллектуалдық жігер, жақсы жұмыс талап етіледі», — деген болатын.

Бағдарламаның 3-інші бөліміндегі 16-26-ыншы қадам — соның айғағы. Заңның үстемдігі — нығайған мемлекеттің кепілі. Сондықтан жаңа бағдарламаның құқықтық мемлекетті құрудағы маңызы зор.

Бағдарламадағы 18 қадам заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналады. Оның жетеуі полицияның жұмысын жетілдіруге, қалғаны сот жүйесін реттеуге бағытталған.

Елбасының сот жүйесінде жүргізіп отырған рефор­малары өте тиімді және болашақта өз нәтижелерін көрсетеді деп ойлаймын.

Нақты көрсетілген 100 қадамның ішінде 85-қадам — «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.  Ауданымызда көптеген іс — шаралар  ұйымдастырылады. Бұл шаралардың әрқайсысын өткізуде ұлтты біріктіруге, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет ету, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу сынды асқақ мақсаттар көзделеді. Қай мемлекеттің де өркендеп-дамуына азаматтарының Отанға деген сүйіспеншілігі, патриотизмі іргетас болады. Осы орайда 89- қадамда мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу жөнінде айтылған. Біз «Болашақ — жастардікі» дейміз. Расында, алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де — жастар. Жастарымыздың білімді, денсаулықтары мықты болып өсулері үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып ержетуі жолында тер төгу бүгінгі аға буын өкілдері үшін зор міндет деп білемін.
Мемлекет басшысы бұл реформаларды жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен қатар бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жоспары деп атағаны белгілі.  Н.Ә. Назарбаев бұл жобаға “Ұлт жоспары” деген атау беріп, алдағы жүзеге асырылуы тиіс басты міндет екенін атап өткен болатын. Ендеше баршамыз да осындай ел болу жолындағы келелі іске өз үлесімізді қосуымыз керек. «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын балалар мен жасөспі­рімдердің зердесіне салып, «Мәңгілік ел» құндылықтарын жастарға насихаттап жеткізу, ұғындыру – ол бәріміздің міндетіміз.

Нұрлан ҚҰМАРҰЛЫ,

04-08-2015-100-kadam

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар