9.04.2019, 16:15
Қараулар: 66

Самал ЫБЫРАЙҚЫЗЫ,

«Қаратөбе әйелдері»

қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ағымдағы жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешімін жариялаған болатын.

Президент сайлауын өткізу маңызды да жауапты тарихи кезең болып табылады. Елімізде демократиялық саясатты жүзеге асыра отырып, мемлекетіміздің алдағы уақытта дамуын айқындаймыз.

Елбасының ұстанған сарабдал саясатын одан әрі жүргізу мақсатында ішкі, сыртқы тұрақтылықты сақтап, болашаққа нық сеніммен қарайтындай шешім қабылдауға тиіспіз.

Маусым айында өтетін президент сайлауы әлем елдері көз тіккен саяси бетбұрыс болмақ. Сайлауда еліміздің әр тұрғыны өзінің саяси таңдауын жасайды. Президент сайлауы әділ, ашық түрде өтетініне сенімім мол. Еліміздің қарыштап дамуы жолында жауапкершілік танытып, дұрыс таңдау жасау өз қолымызда.