27.03.2019, 9:52
Қараулар: 85
  26 оқушы сертификатқа ие болды  

  26 оқушы сертификатқа ие болды  

«Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен  бастау алған  «ENGLISN  FOR  JASTAR» жобасы аясында осыдан  екі ай бұрын аудандағы байырғы мектептің бірі Мұхит атындағы  орта мектебінің базасында ашылған  ағылшын тілі бойынша курсты аяқтаған аталмыш мектептің  26 оқушысы сертификатқа ие болды. 

          Оқушыларға сертификат тапсыру рәсіміне арналған салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов сөз  сөйлеп, қазіргі цифрлы технология дамып келе жатырған заманда ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығына тоқталып, оқушыларды сертификат  алуларымен құттықтады.

Сертификат тапсыру рәсімін  Нұрлан Жақанұлы мен курсқа дәріс беруші  Әсия Қуанышкерейқызы жүргізді.

Әсия Сұлтангерееваның айтуынша курсты аяқтаған оқушылардың  алтауы биылғы жылы алтын ұя мектебінен үлкен өмірге қанат қаққалы отырған  мектеп түлектері.

Салтанатты шараны қорытындылаған Нұрлан Жақанұлы  еріктілер қатарында туған жері Қаратөбедегі өзі білім алған мектебінің жоғары сынып оқушыларының ағылшын тілін жіті меңгеруіне  елеулі үлес қосқан «Алтын белгі» иегері, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың  4 курс студенті Әсия Қуанышкерейқызына курсқа қатысушылар атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

 

                                                                          Ерболат РАЙСОВ,

                                                                           Қаратөбе ауданы