15.04.2016, 12:34
Қараулар: 5175
Жаңа басшылар тағайындалды

Жаңа басшылар тағайындалды

DSC_0372

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан активінің жиналысы өтті. Жиында аудан әкімі Асхат Шахаров аудан әкімі аппаратының және аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшыларын тағайындады.


 

Актив жиналысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 1-тармағына сәйкес, аудан әкімі Асхат Шахаровтың 2016 жылғы 15 сәуірдегі №35 өкімімен,  бұрын аудандық білім беру бөлімінің басшысы лауазымын атқарған Жасұлан Кәрелұлы Сұлтан Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, аудан әкімі Асхат Шахаровтың 2016 жылғы 15 сәуірдегі №36 өкімімен бұрын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымын атқарған Мербол Мағзомұлы Есендосов Қаратөбе аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Жиын барысында жаңа лауазым иелері Жасұлан Сұлтан мен Мербол Есендосов өздеріне сеніп тапсырылған қызметтеріне адал және бар күш-жігерлерімен жұмыс атқаратындықтарын, ауданның өркендеп дамуына өз үлестерін қосатындықтарын айтты.

Жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларды аудан әкімі Асхат Шахаров ұжымдарға таныстырды.

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.

Түсініктеме

Берікболат Төлепберген:

Ваш комментарий ожидает проверки.

Білім басқармасын оқсатып болып,енді аппарат басшысына Ж.Сұлтанды тағайындағанба?Қызық,әлде қасақанама?Сол ауданның тумасы,еңбегі мен жігері мықты азаматтар құрып қалғанба,әлде сол баяғы Мәке Сәкеме?Мысалы неге Талғат Қатауовты қоймады,әлде баяғы жоғарғы жақпа бұйырып бағалайтын?Қызық екен,Асхат оған атвечаю дегеніғой ызнашет?!