3.05.2016, 12:48
Қараулар: 3856
Елге құрмет – перзенттік парыз

Елге құрмет – перзенттік парыз

1 03.05.2016

Еліміз бойынша қарқын алған «Туған жерге тағзым» акциясы елжанды азаматтардың арқасында Егіндікөл ауылында да көрініс тапты. Туған ауылының гүлденуі мен өркендеуіне өзіндік үлес қосып, игілікті іс жасаған қос азамат Жарқын Тәжіғалиев пен Жантас Сафуллинге ауыл халқы дән риза. Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Жарқын Тәжіғалиев ауылдық мәдениет үйінің ауласына Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға арнап ескерткіш және соғыстан елге қайтпаған майдангерлер тізімі жазылған тақта орнатуды қолға алса, «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Жантас Сафуллин жаңадан ашылған «Жастар» саябағын жасыл желекке бөлеу мақсатында шырша, тал, жеміс ағаштарының отырғызылуына қолдау көрсетті.


 

Акция жұмысымен танысқан аудан әкімі Асхат Шахаров, ауыл ақсақалы Ертай Сердалин ауыл азаматтарының елге деген құрметі, елжандылығы турасында әңгіме қозғап, игілікті істің кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі іс екендігін ризашылықпен атап өтті

Шарада сөз алған Жарқын Серікұлы кіндік қаны тамған ауылына перзенттік құрметін білдіріп, туған ауылдың гүлденуіне үлес қосу ауыл баласының азаматтық борышы екендігін жеткізіп, өскелең ұрпақты туған жерді қадірлеуге, сүюге шақырды.

Акция «Жастар» саябағына көшет отырғызумен жалғасын тапты.

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.

Түсініктеме

Елге жасаган жаксылыктарын Алладан каитсын! Аллах еки дуниеде де бар жаксылыкты насип етсин сиздерге бауырлар!!!