24.06.2016, 17:57
Қараулар: 3875
Сала үздігі

Сала үздігі

8 24.06.2016

Жол-көлік қозғалысының қоғамдағы маңызы зор. Жол – тіршілік тамыры болса, көлік – қатынас негізі. Қазіргі көлік саны артқан заманда жол-көлік қозғалысының қатаң сақталуына баса мән берілуі тиіс.


 

Жол қозғалысы ережелерінің  сақталуын қадағалау, апатты жағдайларды болдырмау мақсатында   күн-түн  демей  жұмыстанып, елеулі еңбегімен көзге түсіп жүрген аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясының  аға инспекторы, 2015 жылдың  қорытындысында қызметтегі жетістігіне сай «Үздік тәртіп сақшысы» атанған Айбек Арсеновтың еңбегін әріптестері мақтан тұтады .

Айбек Арсенов  2004 жылы  Жәңгірхан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің механикаландыру факультетіне оқуға түсіп, 2009  жылы «Жол қозғалысы негіздері»  мамандығын алып шығады.  Алғашқы еңбек жолы   Орал қалалық  жол полициясы басқармасында инспектор қызметінен  басталған. 2011-2013 жылдар  аралығында  Қаратөбе аудандық ішкі істер бөлімінде, одан кейінірек  жол полициясында  3 жылдай инспекторлық қызметті абыроймен атқарған Айбек  Арсенов 2016 жылдың  қаңтар айында аға инспектор  қызметіне тағайындалды.

– Біздің  негізі ұстанымымыз –   жол-көлік оқиғаларын болдырмау.

Саланың  жұмыс жүйесіне жолдардың сапасын, жол бойындағы жол белгілерінің орналастырылуын, көліктердің техникалық жағдайларын және жол-көлік қозғалысын қадағалау, жол ережелерін бұзушыларды жауапкершілікке тарту мақсатында хаттама толтырып, тиісті шарасын алу және тағы да басқа көптеген жұмыстар кіреді.

Жалпы,  өткен 2015 жылы жол ережелерін бұзушыларға 170 хаттама,  ағымдағы жылдың осы кезеңіне  137 хаттама толтырылып, тиісті шаралар алынды.  Өткен жылы 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның бірі  адам өліміне соқтырған апатты жағдай болды. Ағымдағы жылдың басынан осы кезеңге  1 жол оқиғасы тіркеліп отыр. Ол  жаяу жүргіншінің  жол ережесін бұзуынан  адам денсаулығына орта дәрежеде зиян келтірілген факті болып тіркелді. Ауданда жол ережесін бірде-бір бұзбаған бір ғана  көлік жүргізуші бар. Ол ұзақ жылдардан жолаушылар тасымалымен айналысып келе жатырған тәжірибелі көлік жүргізуші  Қаратөбе ауылының тұрғыны Валерий Тасқалиев.

Тас жол бойындағы көшелер тұрғындарына сақтық шараларын сақтау бойынша балалардың жолға шығып кетпеуіне байланысты ескертулер жасалды. Балалар үшін ойын алаңдары салынып жатса, құптарлық іс болар еді?! Тар көшелердегі жол қозғалысында балалардың сақтығына жіті мән берген жөн, — дейді сала үздігі Айбек Арсенов.

 

             Ерболат РАЙСОВ,

 «Қаратөбе өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.