16.08.2017, 17:25
Қараулар: 2
Абай әлеміне саяхат

Абай әлеміне саяхат

Аудан орталығындағы аудандық мешітте «Ізгілік» діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығын жастар арасында насихаттау, Абай әлемін тану бойынша жастарға арналған тағылымды шара оздырылды.

 Абай әлеміне саяхат

«Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Жәнібеков, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залының кітапханашысы Динара Тынышқалиқызы қазақтың бас ақыны Абайдың шығармашылығының имандылықпен үндесіп жатырғандығы, келешек жастарды тәрбиелеудегі ойшыл, ғұлама ақын шығармашылығының ерекше маңызы мен құндылығы туралы әңгімеледі.
Мешіт ауласында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен «Жастар тәжірибесі» бойынша қатысушы жас мамандар Мәрия Әділханқызы мен Нұржауған Жәңгірқызы абайтанушы жастарды «Абай мұрасы – ел қазынасы» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Тағылымды кездесуді ұйымдастырушы мамандарға жиналған жастар дән риза болды.
Шараға қатысушы Сулыкөл ауылының тұрғыны Руслан Мұсағалиев жастар атынан шараны ұйымдастырушы Әмірбек Жәнібековке ризашылығын білдіріп, тәрбиелік маңызға ие істерді жастардың әрқашанда қолдайтындықтарын айтты.
Сондай-ақ, қайырымдылық істерді ұйымдастыру, жастар тәрбиесі төңірегінде әңгімелер өрбіді.
Жастарды теріс діни ағымдардан сақтандыру, олардың екіжүзділік пен сатқындық сынды жат қылықтардан, күнәға батудан бойларын аулақ ұстауы турасындағы жұмыстар насихатталды.

Ерболат РАЙСОВ,
«Қаратөбе өңірі»