26.09.2018, 18:20
Қараулар: 336
Білім беру бөліміндегі алқалы жиын

Білім беру бөліміндегі алқалы жиын

Бүгін Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінде білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде жиын өтті.

 

Жиын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, бақылау шараларының қорытындысын талқылау, консультациялық-әдістемелік көмек көрсету мақсатын көздеді.

Отырыста сөз алған аудан  әкімі аппараты  ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Лилида Сайнова:

– Бақылау шараларының қорытындысында былтырғы жылмен салыстырғанда алға ілгерілеу бар. Алайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бойынша сәйкес келмейтін артық құжаттар болмауы тиіс.

Бақылау шарасы барысында қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар қол жетімді жерде болуы, стандарттағы қызметтердің өзгертілуіне байланысты  жыл сайын жаңарталып тұруы, журналдарда ескі деректердің болмауы қаралады, — деді.

Кезегінде сөз сөйлеген аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Есенгүл Рабаева, аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы Іңкәр Есқазиева білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен регламенті жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

 

 

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.