26.09.2018, 18:20
Қараулар: 262
Қоғамдық кеңес отырысы

Қоғамдық кеңес отырысы

26 қыркүйек күні Қаратөбе ауданында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Орынғали Ермекқалиев жүргізді. 

 

 

Алдымен күн тәртібінде мал азығын дайындау жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі атқарған жұмыстары, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша есептері мен оның ішінде жасырын сатып алушы тәсілімен жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижелерін қарау жөнінде баяндама жасаған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ермек Сайнов:

– Аудан бойынша 2018-2019 жылдың мал қыстағына қажет 58,7 мың тонна табиғи мал азығын дайындау жоспарланып, 57,14 мың тонна шөп дайындалды. Жоспар 97,3 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде 2,8 мың тоннасы өткен жылдың  қыстағынан қалған мал азығы.

Аудан бойынша мал ұстайтын 2186 ауланың 1772-не мал азығы түсіріліп, қамтылуы 81,1 пайызды құрауда. Жалпы аудан бойынша бір көлік шөптің құны орта есеппен алғанда 23 мың тенгеден,  ал бір рулон мал азығының орташа бағасы  2200 теңгеден сатылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі атқарылған жұмыстар жоспарға сай жүзеге асуда. Атап айтар болсам, аудандық «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе филиалының мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлік бөлімі, БҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының өкілдері және жеке кәсіпкерлер арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында аудан прокуроры  және мемлекеттік бақылау  және қадағалау жүргізетін органдардың  басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында семинар оздырылды, — деді.

Сонымен қатар күн тәртібінде аудан бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі атқарған жұмыстары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы М.Есендосовтың хабарламалары тыңдалды.

Ұсынылған мәселелерді қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан шешім қабылдады.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.