1.10.2018, 10:10
Қараулар: 273
Қаратөбеде қарттар күніне орай шахмат, дойбыдан жарыс өтті

Қаратөбеде қарттар күніне орай шахмат, дойбыдан жарыс өтті

28 қыркүйек күні Қаратөбе аудандық спорт клубының ұйымдастырумен 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл  қазынам» атты шахмат, дойбыдан жарыс оздырылды.

 

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Венера Шоқанқызы жарысқа қатысушыларды аталмыш мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында ерлер арасында дойбыдан Марат Тажаяқов І орын (Шөптікөл ауылы), Әділхан Еркебаев ІІ орын (Қарақамыс ауылы), Дархан Оңайбаев ІІІ орынды (Ақтайсай ауылы) иеленді. Ал шахматтан І орынды Орақ Сәндібеков «Қарақамыс ауылы» алса, ІІ орынды қаратөбелік Сайлау Саристеков иеленді. ІІІ орынды Қайырғали Рамазанов (Ақтайсай ауылы) місе тұтты.

Әйелдер арасында дойбыдан І орынды қарақамыстық Сандуғаш Хамидуллина алды. Ал ІІ орынды ақтайсайлық Жазира Рамазанова алса, ІІІ орын шөптікөлдік Ирина Шабдароваға бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары дипломмен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы 

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.