1.10.2018, 16:49
Қараулар: 1147
Қаратөбелік ана «Асыл ана — 2018» байқауының жүлдегері атанды

Қаратөбелік ана «Асыл ана — 2018» байқауының жүлдегері атанды

Жуырда Орал қаласында  облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен және «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Асыл ана — 2018»  көп балалы аналар байқауы өтті.

 

Әйел – отбасының ұйытқысы, бала-шаға, үй-ішінің сақтаушысы. Отбасы өмірінің дәстүрін, адалдығын, тазалық бейімділігін, табиғи мейірімін де қалыптастыратын – әйел. Байқау осындай қазақы аналарымыздың бейнесін насихаттау мақсатында өтті.

Аналар өнер сайысында «Ине-жіптен игілік иірермін», «Ата-салтым – тәлімді ой сынағым», «Өнер менің өмірімде», «Ой түбінде жатқан сөз» бөлімдері бойынша сынға түсті.

Байқауға Қаратөбе аудандық мәдениет үйінің жанынан барған Қаратөбе мектеп-гимназиясының мұғалімі Бибігүл Жанахметова жүлделі І орынға ие болды.

– Жоғары деңгейде өткен байқауға барлық аудандардан 12 ана қатысты. Барлық қатысушылар өте талантты, дарынды.

Бибігүл аталмыш байқауда әйел бойына тән асыл қасиеттерді, сөзге шешен, ақылды да ажарлы, өнерлі де талантты және жан-жақты қазақ әйелінінің бейнесін көрсете білді.

Отбасының ұйытқысы, қамқор ана, асыл жар Бибібүл Амангелдіқызы байқауда жоғарғы нәтиже көрсеткендігіне қуаныштымын, — дейді жетекшілік еткен аудандық мәдениет үйінің көркем өнер бөлімінің меңгерушісі Рысгүл Жұмағалиева.

 

 

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.