2.10.2018, 17:49
Қараулар: 123
«Қариялы ел – қазыналы ел»

«Қариялы ел – қазыналы ел»

 Қоскөл ауылдық мәдениет үйінде халықаралық қариялар күні мерекесіне орай «Қариялы ел – қазыналы ел» атты мерекелік іс-шара оздырылды.

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ардагер ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар мерекелік дастарқанға шақырылды.

Қарияларды мерекелерімен құттықтаған округ әкімі Қанат Мұқанов дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ұрпақ қызығын көруге тілекші екендігін жеткізді.

Дастарқан басында тағылымды әңгімелер мен қызықты әзілдер айтылып, әуезді әндер шырқалып, би биленді.

Данагөй қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ауылдық мәдениет үйінің  қызметкерлері  сазды сәлемдемелерін жолдап, мереке көркін аша түсті.

Басқосуда ата-әжелеріміздің ауылдың көркеюіне қосқан елеулі еңбектері мен атқарылған жұмыстары сөз болды.

Кеш соңында қариялар ұйымдастырушы алқаға шексіз алғыстарын жаударып, ақ баталарын берді.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.