3.10.2018, 18:37
Қараулар: 1
Қариялар салауатты өмір салтын насихаттады

Қариялар салауатты өмір салтын насихаттады

Бүгін халықаралық қариялар күні мерекесіне орай Қаратөбе ауданындағы Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп балабақша кешенінің ұжымы велошеру  ұйымдастырды.
Аталмыш шара салауатты өмір салтын ұстану, бұқара халық арасында спортты кеңінен насихаттауды мақсат етеді.

Шайтан арбашылар Шөптікөл ЖОББМ балабақшасынан бастап аудан орталығындағы көшелермен жүріп өтті. Аталмыш шараға ардагерлер, ұстаздар, оқушылар қатысты.

Жастайынан салауатты өмір салтын үзбей ұстанып, оны жүрген жерінде жас буын арасында насихаттауды мақсат тұтқан,  қамшының сабындай мына қысқа ғұмырдың мәні – денсаулықта, ал оның кілті – спортта екенін түсінетін Зинеден Бауен, Үмбетқали Бақтығалиевтердің өмірі – өскелең ұрпаққа үлкен өнеге.

 

 

 

 

 

 

 

  • Өскелең жас ұрпақ спортты өміріне берік енгізіп, дене шынықтыру мен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанса деймін. Тек бүгін емес, күн сайын велосипед тебуді күнделікті өмір салтына айналдыруымыз қажет.  Ұлт болашағы – дені сау ұрпақтың қолында. Рухы мен денсаулығы мықты ұлт қалыптастыру үшін баршаңызды жаппай спортпен шұғылдануға шақырамын, — дейді Зинеден Бәуен.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы