5.10.2018, 17:11
Қараулар: 81
     Нақты істер  Жолдауы

     Нақты істер  Жолдауы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінгі Жолдауында  алдағы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.

Елбасының келер жылды  «Жастар жылы» деп  жариялауын  ел келешегі жастарды  қолдауы,  жастарға бөлінген үлкен көңіл деп білемін.

Елбасы биылғы Жолдауында да білім беру саласына зор көңіл бөлген.

Президенттің алдағы жылы   мәртебелі мамандық иелері ұстаздарға арналған «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылданатындығын айтқаны барша ұстаздарды қуантып отыр.

Мемлекет басшысы әкімдерге ең әуелі адамдарды алаңдататын  өзекті инфрақұрылымдық мәселелер:  жергілікті жолдар, әлеуметтік нысандар, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және  тұрмыс-тіршілікке қажетті мәселелерді шешуді  жүктеді.

Елбасы Үкіметке жаңадан Индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер», «2025 жылға дейінгі бизнестің жол картасы»  және 2025 жылға дейінгі Аймақтарды дамыту» бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.

Елбасы Жолдауының Аймақтар басшыларына қолжетімді бағаға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, алдымен дәрігерлердің, мұғалімдердің, әлеуметтік  және басқа да салалардың білікті мамандарына жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген  ипотека бойынша алғашқы жарнасын ішінара субсидиялау мәселесін жүргізуді жүктеуі  салалар бойынша білікті мамандарды қызметке жігерлендіре түсетіндігі сөзсіз.

Жолдауда халықты кеңінен спортқа тарту, әсіресе балалар ойнайтын спорт алаңдарын көптеп салу, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Кедергісіз ортаны» жасау мәселесіне баса назар аударылып отыр.

Елбасы агроөнеркәсіп кешенін дамытып, ондағы еңбек өнімділігін арттыру, орта және шағын бизнесті несиелеу мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Ұлт денсаулығын сақтау мәселесіне де аса назар аударылды.

 

                                                                Ерболат РАЙСОВ,

                                                                Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.