5.10.2018, 23:33
Қараулар: 2
Жомарт жанның тартуы

Жомарт жанның тартуы

              Бүгін Үшана ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауыл шетіне елді мекен атауы жазылған белгі орнатылды. Жоба құны 300 мың теңгені құрайды

 

Қаратөбе ауданында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған істер аз емес. Мәселен, әр ауылда дүниеге келген азаматтар өз қаражаттары есебінен техника сыйға тартып, спорт алаңдарын ашып, ел игілігіне пайдалануға берді. Сонымен қатар аудан орталығында жаңа саябақ ашылып, субұрқақ салынып, аудан көркі еселене түскені белгілі.

Үшана ауылында жүзеге асқан жобаға демеушілік жасаған ауыл азаматы Біржан Қарашолақов. Көзі тірісінде осы істі қолға алған Біржанға бүінгі ашылу салтанатын көру бұйырмады.

–   Ауылдың, елдің жастарының демеушілігінің арқасында ауылымыз көркейіп, дамып келе жатқанын мақтанышпен айтамыз. Шағын елді мекен болса да, біздің ауыл халқы өте ұйымшыл. Осы кезге дейін де бірнеше игі істерді бірлесіп атқарып келді. Ауыл аты жазылған белгіні орнатқан Біржан баламыз өзі болмаса да, артында игі ісі, өшпес ізі қалды. Ауыл тұрғындары азаматын ешқашан ұмытпай, мақтанышпен еске алатын болады, — дейді ауыл ақсақалы Аман Жүсіпқали.

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы