5.10.2018, 23:39
Қараулар: 0
Ауыл аты жазылған белгі орнатылды

Ауыл аты жазылған белгі орнатылды

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Төлен ауылында құны 300 мың теңге тұратын елді мекен атауы жазылған белгі орнатылды. Жобаға демеушілік жасаған ауыл азаматы Мұхамбетжан Жомартов.

– Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Бүгінгі өскелең ұрпақ осындай игі істерден үлгі ала білсе, біз үшін зор мәртебе.  Ең бастысы, осы белгі ауыл көркін ашып, сәнін келтіріп тұр. Бұл – халықтың қуанышы. Сондықтан, ауылымызға қолымымыздан келгенше қол ұшын созып тұруға дайынбыз,- дейді Мұхамбетжан Жомартов.

 

Шалғайда орналасса да бірлігі мен берекесі таусылмаған ауылдастары жомарт жанға дән риза.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы