8.10.2018, 17:41
Қараулар: 1
«Өсу векторы» жас ұстаздар слеті

«Өсу векторы» жас ұстаздар слеті

5 қазан күні Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінде  «Ізгі ниет, тың шабытпен жарқын болашаққа» тақырыбында «Өсу векторы» жас ұстаздар слеті өтті.

 

Жас ұстаздарға кәсіби бағдар беру мақсатында өткен шарада сөз алған Шөптікөл ЖОББМБ кешенінің директоры Бағдат Рафиғоллаұлы ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, жас ұстаздарды шараға белсене қатысуға шақырды.

Одан соң слеттің спикерлері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, ақын Шолпан Қыдырниязова, аудандық

 

білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, ардагер ұстаздар Мәжит Ұлықпанұлы, Зинеден Бауенұлы мектеп жанынан ашылған «Таным» тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерімен танысты.

Жаңашыл ұстаздар қатысқан шарада «READx» жобасы бойынша спикер Мәжит Ұлықпанұлы Гүлжан Жұмақаеваның «Ғажайып тұлға», Зинеден Бауенұлы  Қажығали Мұханбетқалидың «Тар кезең» сынды өздерінің сүйікті кітаптарының желісімен таныстырып, оқуға кеңес берді.

 

Шараның «Сұқбат алаңы» бөлімінде «Адам болу қасиетті ұғым» тақырбында ой өрбіткен спикер Шолпан Батырқызы:

 

– Негізі адамдық, адамгершілік сынды қасиеттер аналардан басталу керек.  Өзіміз тәрбиелейтін баланы нағыз адам етіп қалыптастыру ол ананың құрсағынан басталады. Қазіргі кезде ананың құрсағында бала біткен кезден бастап аналарға көңіл бөлінбегендіктен көптеген ауру, сана сезімі қисық бала дүниеге келіп жатыр. Ал, сол сана сезімі қисық емес, санасы дұрыс бала дүнеиге әкелу үшін ананың бойына бала біткен кезеңнен бастап аналар қауымы баламен тілдесіп, қуанышты хабарды,  өзінің қуанған сәттерін, бәрін жеткізіп, көңіліннің толмай қалған, ренжіген сәттерін тез ұмыту керек. Шын мәнінде ата-балаларымыз құрсақтағы бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Себебі, дүнеге келетін баланың дені сау және болашақта елдің жүгін көтерер ұл мен қыз болуы үшін келіндеріне қызмет еткен. Сондықтан біздер адам боламыз, адами құндылықтарды бойына сіңіретін ұрпақ әкелеміз десек,  құрсақ тәрбиесіне қатты көңіл бөлу керек, — деді.

 

 

Шара соңында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев «Ел ертеңі болашақ жастардың қолында» тақырыбында ой өрбітіп, жас ұстаздар спикерлерге сауалдарын қойды.

 

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы