9.10.2018, 16:08
Қараулар: 647
Айбектен тағы бір сый

Айбектен тағы бір сый

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деп нақты айтқан болатын.

«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, ауыл азаматтарының туған жерге деген құрметі – әркімнің дербес парызы. Ауылының гүлденіп, өркендеуі үшін еңбек етіп, экономикалық тұрғыда дамуына сүбелі үлес қосып жүрген елжанды азаматтардың еңбегі – көпке үлгі. Осындай жандардың бірі – Жусандыой ауылдық округінің тұрғыны, «Талапкер» шаруа қожалығының жетекшісі Айбек Қазиев ауылдық мәдениет үйіне музыкалық күшейткіш аппаратын сыйға тартты.

Осыған дейін Айбек ауылда орналасқан саябаққа  «Гүлденіп, көркейе бер, Жусандыойым!» атты белгі орнатқан болатын. Қолы ашық жігіт ағасы қайырымдылық айлықтарына, «Мектепке жол» акциясына, мәдени, спорттық шараларға демеушілік жасап, әрдайым туған жеріне қол ұшын созуға дайын тұрады.

Үстіміздегі жылы аудандық «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына қатысып, облыстық кезеңде «Еліне еңбегі сіңген» отбасы аталымымен марапатталған болатын.

  • Мәдениет үйінде өтетін көптеген мәдени, спорттық іс-шараларды музыкалық құрал-жабдық сүйемелдеуінсіз өткізуге тура келді. Концерттік бағдарлама кезінде дыбыс күшейткіш  бұғып қалып, сахнада әншілер ән орындау кезінде микрофондардың дауысы естілмей, үзілістер орын алып көптеген қиындықтар туғызатын. Ауылымыздың азаматы Айбек Талапұлы  музыкалық күшейткіш аппаратын сыйға тартты. Алдағы уақытта кеткен оқылықтар орын алмайды деп айта алам. Айбектің отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз, — дейді Жусандыой ауылдық мәдениет үйінің аккомпонияторы Жамбыл Аманжолов.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.