10.10.2018, 17:21
Қараулар: 92
Күзгі туриададан жүлдемен

Күзгі туриададан жүлдемен

Орал қаласында облыстық «Алтын дала — 2018» күзгі туриадасына Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының шәкірттері қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білді.

Туриада оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, туған өлкені  зерттеу арқылы Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеді.

Жарысқа өңір аудандарының командалары белсене қатысты.

Аталмыш сайысқа Мұхит атындағы ЖОББМ мен Қаратөбе мектеп-гимназиясы оқушыларынан құралған 8 спортшы өздерінің ептіліктері мен жылдамдықтарын, төзімділіктерін көрсете білді.

Командалық жарыс жолында «Кросс жорық» қашықтығында III орын, «Үздік көрсетілім» байқауында II орын, «Өткел» қашықтығында I орынды иеленді. Жекелей сында «Байлам» қашықтығында Әділет Нағимов пен Айбек  Байымбет II орынға қол жеткізді.

Спортшыларды баптап, жарысқа апарған Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығынан ұйымдастырушы педагогы Мұхтархан Жұмағалиев:

  • Шәкірттерім жақсы нәтиже көрсетте білді. «Алтын дала» күзгі туриадасына қатысып, жүлдегер атану үлкен еңбекті талап етеді. Оқушыларым әлі талай жарыстарда жоғарыдан көрінеді деп сенім білдіре аламын, — дейді.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.