10.10.2018, 21:50
Қараулар: 2
   Ел дамуына арналған құнды құжат           

   Ел дамуына арналған құнды құжат           

Бүгін Қаратөбе колледжінің  ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған  дәстүрлі Жолдауын талқылады.

Жолдауды  талқылау жиналысын колледж директоры Мәулен Аманшаұлы алғысөзбен ашты.

Елбасы Жолдауының  басым бағыттары : халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру,өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір  қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы бойынша колледж  оқытушылары  өндірістік оқыту шебері  Жаннұр Тәттіғалиева,  арнайы пәндер  оқытушылары Ақзат Есқалиева,  Асланбек Жұбанғалиев,  химия пәнінің  оқытушысы Гүлжазира Досымаева, өндірістік оқыту шебері Аслан Имашев, жатақхана тәрбиешісі, жас маман  Ержан Серікұлы  өз ойларын ортаға салып, елдің дамуына бағыт сілтеген құнды құжат Елбасы Жолдауын толық қуаттайтындықтарын жеткізді.  Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев Жолдаудың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталып, Жолдауда айтылған тапсырмаларды  орындау жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.

Білім ордасындағы  жиынға «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов,  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиева  және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

                                                               Ерболат РАЙСОВ,

                                                             Қаратөбе ауданы