11.10.2018, 16:24
Қараулар: 1
Қаракөлде балалар ойын алаңы қосымша жабдықталды

Қаракөлде балалар ойын алаңы қосымша жабдықталды

Қаратөбе ауданына қарасты Қаракөл ауылдық округінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауыл орталығындағы балалар ойын алаңы қосымша құралдармен жабдықталды.

 

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қаракөл ауылдық округінің әкімі Нұржан Сахипов:

– «Бала біздің болашағымыз» деп Елбасымыз үнемі жастарымызға назар аударып келеді. Елбасының бағдарламасы аясында ауылымызда  балалар ойын алаңыны қосымша жабдықдықталды.Бүгін міне, ашылуына куә болып отырмыз. Бұл алаңда ата-аналар балаларын ойнатып, әрі өздері де демалып қайтады. Демеушілік білдірген кәсіпкерлерге ауыл тұрғындары атынан алғыс білдіремін, — деді.

Ойын алаңының ашылу салтанатының лента қию рәсімін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, еңбек ардагері Орынғали Дүйсенғалиев жүргізді.

Кішкентай балғындар асыр салып ойнайтын алаңға демеушілік еткен кәсіпкер Ахмед Мамедов, жерлес Рақымжан Халелов алаңға қазіргі заман талабына сай әткеншек, балаларға арналған арнайы орындық сынды қондырылғыларын алып берді. Ойын алаңының құрылысына 300 мың теңге жұмсалған.

Шарада кішкентай бүлдіршіндер және «Елім-ай» әжелер ансамблі әннен шашу шашты.

 

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы