16.10.2018, 9:45
Қараулар: 1
Спорттық бағдарлаушылар жүлдесі

Спорттық бағдарлаушылар жүлдесі

«Евразия» туристік сауықтыру кешенінің базасында облыстық «Батыс Азимут – 2018» ашық жаяу спорттық бағдарлау жарысы өткен болатын. Аталмыш жарысқа Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының оқушылары қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынға ие болды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аталмыш жарыс спортшылардың спорттық бағдарлау дайындығын дамыту, спорттық бағдарлауды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, республикалық  жарыстарға үздік спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Батыс Азимут – 2018» ашық жаяу спорттық бағдарлау жарысына 11 команда сапында 175 спортшы қатысты.

Спорттық бағдарлау жарысында спортшылар компаспен және қорытынды пункттардың сызбасы бар картамен қозғалыстың неғұрлым оңтайлы өту жолдарын іздестіру арқылы жылдамдықтарын арттыра түсті. Жарыстың қорытындысында аудан намысын қорғай барған спортшыларымыз өздерінің жас ерешеліктеріне қарай жекелеген спортшылар орта, ұзақ, қысқа қашықтықтар бойынша сынға түсіп, тыңғылықты дайындықтарының арқасында үздіктер қатарынан көрінді.

Аталған жарыста жоғары нәтижеге қол жеткізген Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының спорттық бағдарлау үйімесінің жетекшісі Еркебұлан Ғабдуллиннің шәкірттері болатын.

 

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы