16.10.2018, 15:31
Қараулар: 2
Қаратөбе ауданында 11 өрт оқиғасы тіркелген

Қаратөбе ауданында 11 өрт оқиғасы тіркелген

Аудандық мәслихаттың  мәжіліс залында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубековтің және аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиевтің қатысуымен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің жедел кеңесі оздырылды.

Жедел кеңес отырысында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №16 өрт сөндіру бөлімінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен 2018 жылдың 4 тоқсанына қойылатыр талаптар, Департамент бөлімшелеріндегі қызметтік әскерей тәртіптіңі жәй-күйі,   сонымен қатар, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері техникаларының және объектілерінің дайындығы туралы айтылды.

Төтенше жағдайлар бөлімінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы баяндама жасаған Қаратөбе ауданының ТЖБ бастығының м.а. азаматтық қорғау подполковнигі  М.Ысқақовтың айтуы бойынша, 2018 жылдың өткен кезеңінде аудан аумағында төтенше жағдайлар оқиғалары тіркелмеген. Аудан аумағында 2018 жылдың 9 айында 11 өрт оқиғасы тіркелген. Атап айтқанда, олардың 2-еуі тұрғын үйде, 5-еуі шаруашылық құрылыстарда орын алған. Сонымен қоса,  2 аутокөлік, 1 жеке трактордың 2 тіркемесі және орталық саябақтын шөбінің өртену оқиғасы тіркелген. Осы өрттер бойынша материалдық шығындар қазіргі таңда анықталуда, өрт оқиғасынан адам қазасы болмаған.  Аудандағы биылғы жылғы өрт оқиғалары былтырғы жылмен теңесіп отыр.

–  Қаратөбе ауданы аумағында 2018 жылдың 9 айында 10 далалық жану тіркеліп, барлық жанған жердің көлемі 10079 га, осы далалық жану оқиғасынан адам қаза болған жоқ.

         2017 жылдын 9 айында 45 далалық құрғақ шөп жану оқиғасы тіркелді, барлық жанған жердің көлемі 9 237 га.

Аудан аумағында 2018 жылдың 9 айында 5 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 1 Ақтөбе-Орал тас жолында автобустың бұзылуы, 3 аудандық зейнет ақы төлеу бөлімшесімен тұрғын үйдің айналасындағы суды сору жұмыстары және 1 автокөлік авариясы бойынша.

Аудан көлемінде ағымдағы жылғы табиғи өрттің алдын алу бойынша өртке қарсы ерікті құрылымдар құрылды. Атап айтқанда, 8 елді мекеннен 181 ерікті адам, 41 техника және 149 аспалы өрт сөндіргіш жасақталды. Барлық ауылдық округтердегі ерікті өртке қарсы құрамымен құрал-саймандары тексерілді,- дейді Мэлс Тілектесұлы.

Аудан әкімдігінің 2017 жылғы сәуір айындағы  «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, төтенше жағдайларға арналған қаржы есебінен қаражат бөлу туралы» қаулысы қабылданып, жоспарға сай 2000 литр дизелдік отын, 3 дана су сорғыш «мотопомпа», 2 дана брезентті қайық, 1 дана далалық қайығы алынған.

Бөлімдегі өзекті мәселелердің бірі өрт сөндіру бөліміндегі ЗИЛ АЦ-130-40 өрт авто көлігінің ескіргені және жеке құрамның киім үлгісінің тозуы, киім көлемдерінің келмеуі болып отыр. Бұл туралы аудандық № 16 ӨСБ-нің бастығы азаматтық қорғау капитаны  А.Таскинов өз баяндамасында айтып өтті.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы