17.10.2018, 18:29
Қараулар: 340
Сулыкөлде «Ашық әкімдік» шарасы оздырылды  

Сулыкөлде «Ашық әкімдік» шарасы оздырылды  

Бүгін Сулыкөл ауылдық округінде «Ашық әкімдік» шарасы және Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Аталмыш  шараға аудан әкімі Жанат Асантаев, аудандық дербес бөлімдердің басшылары мен жауапты мамандар қатысты.

 Сулыкөл ауылдық мәдениет үйіне жиналған  тұрғындар әр түрлі сала бойынша көкейлерінде жүрген сауалдарын округке арнайы келген мамандарға қойып, түйткілді мәселелері туралы кеңес алды. Мәселен, жұмыспен қамту саласын бойынша тұрғындар мәселе көтеріп, мамандар тұрғындар базынасын жауапсыз қалдырмауға уәде берді. Тұрғындарды мазалаған басты сұрақтар  жұмыспен қамту, жер учаскелерін алу, құрылыс нысандарын тапсыру, тұрғын үй алуға кезекке тұру, тұрғын үй алу, жастарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысу, материалдық көмек алу турасында болды.

Тұрғындар әдетте әкімдікке арыз-шағыммен немесе өзге ұсыныспен жүгіну үшін алдын ала жазылуы керек болатын. Ал «Ашық әкімдік» шарасы халықтың билікпен бетпе-бет жүздесіп, бөлім, мекеме басшыларымен тікелей тілдесуіне жағдай туғызады. Сулыкөлдегі шара аясында сол мезетте басшылық алдына 29 тұрғын түйткілді мәселелер бойынша жолығып,  тұрғындар өтініштері мен ұсыныстарына басшылық құлақ түрді.

Мекеме басшылары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қойылған сұрақтарға жауаптарын беріп, арнайы әзірленген жадынамаларды таратты.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.