18.10.2018, 11:16
Қараулар: 217
Қаратөбелік құрыш білектілер республикаға жолдама алды

Қаратөбелік құрыш білектілер республикаға жолдама алды

Облыс орталығы Орал қаласында спорт ардагері, ұстаз Н.К.Коломоецтің жүлдесіне арналған қол күресінен (армрестлинг) ерлер мен әйелдер арасында БҚО-ның ашық біріншілігі өткен болатын.

 

 

Аталмыш жарысқа 8 команда қатысып, 100-ге тарта  спортшы жарыс жолына шықты.
Біріншілікте Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Қол күресі» үйірмесінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысановтың шәкірттері бақтарын сынап, өздерінің мықтылықтарын тағы бір мәрте дәлелдеп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыс қорытындысында 60 келі салмақ дәрежесінде Ержан Ерболат І орынды иеленді.

Ал, +80 келі салмақ дәрежесінде Фархат Қалиев І орын, Райымбек Өзденов ІІІ орынды жеңіп алып, абсолюттық салмақта алдарына жан салмады.
Айта кету керек, қос спортшымыз Ержан Ерболат пен Фархат Қалиев Өскемен қаласында өтетін ҚР-ның кубогінде облыс намысын қорғамақ.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.