19.10.2018, 11:02
Қараулар: 603
   Қаратөбе аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті  

   Қаратөбе аудандық сотында баспасөз конференциясы өтті  

Қазан айының 18-і күні  Қаратөбе аудандық сотының мәжіліс залында сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірованың жетекшілігімен өткен баспасөз конференциясында сот мекемесінде  9 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысына сай  дауласушылық, құқықбұзушылық, қылмыс деңгейін сандық және сапалық жағынан жан-жақты саралады.  Аудандық билер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, билер кеңесінің мүшелері, аудандағы кәсіпқой емес медиаторлардың, қоғамдық үйымдар жетекшілерінің, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және бөлімнің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен өткен жиында көтерілген мәселелер кең көлемде талқыланды.

Жиынның күн тәртібіне сай Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Бақытгүл Шабайқызы сот мекемесінде атқарылған жұмыстардың тоғыз айындағы қорытындысын баяндап, сот жаңашылдықтары, аудандағы медиаторлар мен билердің атқарған жұмыстары турасында әңгімеледі.    Аудандық сот төрайымы Бақытгүл Шабайқының айтуынша үстіміздегі жылдың  9 айында барлығы  99 талап арыз, 1 іс түскен.

18  азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылған. Оның ішінде 11-і  медиация тәртібімен қысқартылса, 2 бейбіт келісіммен, 5  іс арыз берушінің талап арыздан бас тартуына байланысты қысқартылған. 3 азаматтық іс соттылығы бойынша жолданған, қараусыз қалдырылған азаматтық істер болмаған.

Биылғы 9 айда 27 талап арыз жеңілдетілген жазбаша іс жүргізу тәртібімен аяқталыпты. Азаматтық істер бойынша 2 жеке ұйғарым шығарылған.

Ағымдағы жылдың 9 айында  апелляциялық шағым келтірілген арыздар мен сәйкесінше бұзылған немесе өзгертілген сот актілері болмаған.

Аудандық  билер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев  билер мен медиатолардың қоғамдағы рөлі, олардың  екі жақты бітімгершілікке келтіру жолындағы қызметінің  беймәлім еместігін айтып, қоғамдағы бұл ізгілікке арналған  маңызды істің ұлтымыздың   тарихында ықылым заманнан жалғасып келе жатырғандығы жөнінде әңгіме өрбітіп, құқық қорғау органдары өкілдерін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

— Елбасы  биылғы Жолдауында ішкі істер саласының, жұмысы көңіл көншітпейтінін  айтты, жұмысты ширату қажет. Мемлекет басшысы айтқандай тәртіп сақшылар халықтың қорғаншысы болуға тиіс. Менмендікке салынбай,   қоғамдық тәртіпті сақтау жұмысын өз деңгейінде жүргізу сіздердің қоғам алдындағы міндеттеріңіз», —  деді  аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, аудандық билер кеңесінің  мүшесі  Мәулен Қожахметов жиналысқа қатысушы аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне.

Күн тәртібіндегі мәселеге орай Аққозы ауылдық округінің тұрғыны, аудандық билер кеңесінің  мүшесі  Артық Байдуллин,  Сулыкөл ауылдық округінің  учаскелік полиция инспекторы Ерболат Кадыров ой-пікірлерін ортаға салды.

Баспасөз конференциясында  кәсіби озық тәжірибе көрсетіп,  көпшілікке үлгі боларлық ісімен танылып жүрген жусандыой ауылдық округіндегі  кәсіпқой емес медиатор, аудандық билер кеңесінің мүшесі Сырым Оразовтың жұмысы атап өтілді.

                                    Ерболат РАЙСОВ,

                                Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.