19.10.2018, 12:08
Қараулар: 2
Қаратөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыс өтті

Қаратөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыс өтті

Мейірбандық күніне орай «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен  даму мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың бірнеше түрінең аудандық жарыс өтті.


Спорттық  жарыстың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аударту.

Спорттың бес түрінен өткен бәсекеге ауданның 8 ауылдық округінен құрама командалар қатысып, 30-дан астам спортшы лайықты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысында үстел теннисінен ерлер арасында Нұрдәулет Дүйсен (Саралжын),  әйелдер  арасында Арайлым Ташимова (Саралжын)жеңімпаз атанса, ерлер арасында асық атып мергендік танытқан Әкежан Бижанов (Егіндікөл), әйелдер арасында Гүлжазира Көшербаева (Жусандыой),үздік нәтиже көрсетті.  Бір орыннан  ұзындыққа секіру  бойынша ерлер арасында Темірболат Жәнібеков (Шөптікөл), әйелдер арасында Саягүл Сарсенғалиева (Сулыкөл) жеңімпаз деп танылды. Дойбы ойынынан саралжындық  Нұрдәулет  Дүйсен алдына жан салмады.

Жарысқа қатысқан спортшылар «Қаратөбе» спорт клубы директорының атынан диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар