20.10.2018, 11:37
Қараулар: 6
Қаратөбе ауданында мемлекеттік қызметшілер ағаш отырғызды

Қаратөбе ауданында мемлекеттік қызметшілер ағаш отырғызды

Бүгін Қаратөбе ауданында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызметшілердің республикалық экологиялық «Ағаш отырғыз, тамырыңды тереңге жай!» акциясы ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілер аудан орталығында жаңадан ашылған Қ.Жұмалиев атындағы саябаққа үйеңкі, көктерек ағаштарын отырғызды.

Аталмыш игі шараға аудандағы барлық мемлекеттік қызметшілер бір кісідей атсалысып, ортақ игіліктен тысқары қалған жоқ. Жастар жағы бұл күні көтеріңкі көңіл-күймен белсене еңбек үлгісін көрсетті. Шарада сөз алған аудан әкімі Жанат Асантаев:

– «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген бабалар өсиетін орындауымыз қажет. Бүгінгі шараның мақсаты да ауылды көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау болып табылады. Тек осы күні ғана емес, осындай шараны әркім өз ауласында қолға алу керек. Бүгінгі отырғызған тал-теректеріңіз ертеңгі күні өздеріңізге сая болады. Сондықтан баршаңызды осындай игі іске атсалысуға шақырамын, — деді.

Аудан бойынша көктемгі ағаш отырғызу науқанында 3000-ға жуық ағаш егілсе, бүгін 1800 ағаш отырғызылды. Аталмыш акция аудан орталығымен қатар ауылдық округтерде де ұйымдастырылуда.

 

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы