24.10.2018, 15:20
Қараулар: 229
Теректіден табыспен оралды

Теректіден табыспен оралды

Жуырда Теректі ауданында Хамза Есенжановтың 110 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерлер және әйелдер арасында асық атудан ашық аудандық чемпионатына «Қаратөбе» спорт клубының қызметкерлері қатысып келген болатын.

Ұлттық спорттымызды ұлықтауға арналған игілікті шараға қатысушылар саны көп болды. Ұлттық құндылығымыз,  ата бабадан мирас боп келе жатқан спорт түрін кейінгі ұрпақ қолға алып жанданып келеді.

Жарысқа қатысушы спортшылар арасынан мергендіктерімен көзге түскен қаратөбелік спортшылар жалпы командалық есепте І орынға ие болды.

Жекелеген сында ерлер арасында ІІІ орынды Нұрдәулет Саленұлы місе тұтты.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.