25.10.2018, 12:57
Қараулар: 3
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қаратөбе ауданы әкімінің 2018 жылғы 24 қазандағы №153 өкімімен Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-нің басшысы лауазымына  Ғалымгерей Қажыгерейұлы Қайырғалиев тағайындалды.

Бөлім қызметкерлеріне жаңа басшыны аудан әкімі Жанат Асантаев таныстырып, Ғалымгерей Қайырғалиевтың  жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Қайырғалиев Ғалымгерей Қажыгерейұлы 1960 жылы 15 ақпанда БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1977-1984 жылы Орал педагогикалық институтында білім алып, география және биология пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан.

— 1983-1989 жылдары Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінің география пәнінің мұғалімі, мектеп директорының бастауыш класс бойынша орынбасары, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

—         1989-1993 жылдары  Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектебінің директоры;

—        1993-2000 жылдары – аудандық ДОСААФ комитетінің  төрағасы;

—        2000-2005 жылдары – Қаратөбе аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;

—         2005-2009 жылдары Шөптікөл ауылдық округінің әкімі;

—         2009 жылдан осы уақытқа   дейін Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметінде болды.

Жанұялы, 1 ұл 2 қызы бар.