26.10.2018, 14:59
Қараулар: 297
Қос округтегі  ізгілікті  істер

Қос округтегі  ізгілікті  істер

Қазан айының 25-і күні  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Кенжеғалиева, аудандағы рухани жаңғыру кеңсесінің әкімгері Айгөлек Андирова  ауданның  солтүстігіндегі Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінде болып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында қос округтегі  атқарылған жұмыстармен танысты.

Егіндікөл ауылының азаматы  Жандос Жұмабековтың бастамасымен  округ орталығындағы орта мектептің  1992 жылғылар 25 бала  тәрбиеленетін  «Балбұлақ» бөбекжайына  сан алуан ойыншықтар алып беріп, бөбекжайдағы балғын бөбектерді  қуантты. Сонымен қатар, бірлігі бекем ауыл халқы  ауыл іргелесінде орналасқан «Құныскерей үңгірі» аталып кеткен тарихи  орын маңайын абаттандыру мақсатында  демалуға қолайлы орындықтар және төбесі  жабық көлеңкелі орындықтар  орнатқан.

 

 

 

 

 

 

Аталмыш тарихи орынды  абаттандыру мақсатындағы  ізгілікті істі халық игілігіне тапсыруға  арналған салтанатты шарада ауыл әкімі Абат Кәрімұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мейрамгүл Жолдығалиқызы құттықтау сөз сөйлеп   жаңғыру аясында жүргізіліп жатырған жұмыстар турасында әңгімелесе, округтің жастар жетекшісі Бейімбет Әміреев тарихи тұлға Құныскерейдің өмір жолы туралы айтып берді.

Салтанатты шараға қатысушылар тарихи маңызға ие орынның айналасын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысқан Егіндікөл ауылының тұрғындарына ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

Қоскөл ауылдық округіне қарасты шалғайдағы Шалғын ауылының тұрғындары ұйымшылдықпен қаражат жинап, ауыл клубына музыкалық құрылғы әперген.

Аталмыш жиында  сөз сөйлеген Шалғын негізгі жалпы білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мұрат Құлбатыров ауылдық мәденииет үйінің директоры  Бекбол Мұхамбедияровқа су жаңа  музыкалық құрылғыны табыс етті.

Ауыл халқының игілігне арналған бұл игілі шараға ауылдағы «Жаңабаз» шаруа қожалығы да ат салысқан. Шалғайдағы шағын ауылдың халқы уақыттарын тиімді өткізетін бірден-бір орын ауылдың мәдениет үйіне бұндай музыкалық құрылғы табыстау жақсылықтың нышаны  болмақ.

Бұл ізгілкті іске разы болған ауылдық мәдениет үйінің ұжымы ауыл халқына арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

«Туған жер» атты концерттік бағдарламасында ауылдық клубтың менгерушісі Бекбол Қыдырғалиұлы «Көқ тудың желбірегені», «Атамекен» әндерін шырқаса, мектеп оқушылары дуэт Азиза Серік пен Аэлита Серіктің орындауындағы  «Әке-ана», Айнара Нұролланың орындауындағы «Қос бәйтерек» әндері көрерменге тамаша  көңіл сыйлады.

 

                                                                    

 

 

 

 

 

 

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.