26.10.2018, 17:30
Қараулар: 17
Қаратөбеде «Нұр Отан» партиясы филиалының XXІV конференция өтті

Қаратөбеде «Нұр Отан» партиясы филиалының XXІV конференция өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының XХІV есеп беру-сайлау конференциясы өтті.


Конференция жұмысына «Нұр Отан» паритясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев төрағалық етті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының  активтерді  басқару бойынша маманы Баянбек Гумаров, аудандық мәслихат депутаттары,  ауылдық округ әкімдері, ауданның мекеме, кәсіпорын және бөлім басшылары,  бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қоғамдық ұйымдар қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде  Каратөбе  аудандық филиалы саяси кеңесінің 2017-2018  жылдары атқарған жұмыстарының есебі, аудандық партия филиалының саяси кеңесін сайлау, Батыс Қазақстан облыстық конференциясына делегаттар сайлау, ұйымдастыру мәселелері қаралды
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов Каратөбе  аудандық филиалы саяси кеңесінің 2017-2018  жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Жусандыой ауылдық округі бойынша маманы Дулат Татешов  бірінші мәселебойынша окргтер мен әлеуметтік салада атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндап, партияның аудандық филиалының жұмысына оң баға берді.

Конференция барысында күн тәртібіндегі аудандық партия филиалының Саяси кеңес құрамын сайлау және облыстық конференцияға аудандық партия ұйымынан делегаттарды сайлау дауысқа салынып, конференцияға қатысушылар тарапынан бірауыздан қабылданды.


Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының  активтерді  басқару бойынша маманы Баянбек Гумаров бір топ партия мүшелеріне «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын Серік Сүлейменнің атынан алғыс хат табыс етті.
 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

Түсініктеме

Здравствуйте! команда по поисковой оптимизации для продвижения и раскрутки онлайн-сайтов в поисковых серверах и/или социальных сетях. Меня зовут Антон, я основатель группы копирайтеров, линкбилдеров, маркетологов, оптимизаторов, link builders, профессионалов, разработчиков, рерайтеров/копирайтеров, специалистов. Мы — компания высококлассных фрилансеров. Ваш собственный веб-сайт пойдет с нашей командой на другую высоту. Наша фирма предлагает лучшую раскрутку вебсайтов в поисковых серверах! У всех без исключения сео специалистов нашей команды за плечами громадный высокопрофессиональный путь, мы в точности знаем, как грамотно формировать ваш онлайн-проект, выдвигать его на первое место, перестроить трафик в заказы. Мы вам предоставляем бесплатное предложение по раскрутке всех ваших online-проектов. Ждем Вас.

сео анализ онлайн бесплатно сео аудит сайта бесплатно