29.10.2018, 19:07
Қараулар: 182
  Қаратөбеде жаңа әліпби емлесінің жобасы талқыланды 

  Қаратөбеде жаңа әліпби емлесінің жобасы талқыланды 

29 қазан күні Қаратөбе ауданында қазақ тілінің латын графикасына көшуі бойынша тіл емлесінің негізгі ережелерінің жобасын талқылау мақсатында арнайы мамандардың қатысуымен семинар өтті.

           

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын құжат деп білеміз. Кемел келешекке бағдар болған ауқымды құжатта ұлттық бірегейлік пен рухани жаңғырудың маңызды тетіктері қарастырылған. Мемлекетіміздің көркейіп гүлденуі үшін қолға алынған бастамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу. ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы Өкімімен «Қазақ тілі  әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген болатын.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде сөз сөйлеген БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Света Ганиева емле ережелерін талқылау бағытындағы жиындар барлық аудандарда өткендігіне, латын графикасына көшуге байланысты жүргізіліп жатырған жұмыстарға және жаңа әліпбиге қатысты көпшілік көкейіндегі мәлелелерге байланысты ақпараттарға тоқталып өтті.

Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасы бойынша филиология ғылымдарының кандидаты Ақзия Ниязғалиева әріптердің, түбір сөздердің, қосымшалардың жалғануы, бөлек және бірге жазылатын сөздердің емлесіне, сонымен қатар, дефиспен жазылатын сөздердің, қысқарған сөздердің емлесі мен кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесінің жобасы турасында нақты мысалдармен кеңінен түсінік берді.

Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлының төрағалығымен өткен семинарға бөлім басшылары, кітапханашылар, барлық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және ауыл тұрғындары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.