2.11.2018, 17:26
Қараулар: 611
Қаратөбеде «Қыс – 2018» оқу-жаттығу жұмыстары басталды

Қаратөбеде «Қыс – 2018» оқу-жаттығу жұмыстары басталды

Бүгін Қаратөбе ауданында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс – 2018» республикалық командылық-штабтық оқу- жаттығуы басталды.

 

 Оқу-жаттығу жұмысы қысқы кезеңде болатын төтенше жағдайларға аудандық құрылымның дайындығын пысықтау мақсатында өткізілді.

Шара барысында аудандық ТЖБ-і бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов оқу-жаттығу шарасының мақсат-міндеттеріне тоқталып,  қыс мезгіленде орын алатын оқыс оқиғаларға негізгі құрылымдардың дайын болу керектігін қаперледі.

Дәстүрлі шарада ауыл іргесінде сап түзеген азаматтық қорғау қызметтері, аудандық шұғыл әрекет ету жасағы, полицейлер, байланысшылар мен медицина қызметкерлерінің дайындығы мен материалдық-техникалық жабдықталуы пысықталды. Олардың төтенше жағдайларға дайындығын тексерген аудан басшысы Жанат Асантаев азаматтық қорғаныс жасақтары кез-кезген уақытта дайын болу керектігін айтып, құрылымдағы аз-кем кемшіліктерді түзету жөнінде тапсырма берді.

Шарада төтеншеліктердің барлық мамандары біліктілігін арттырып, техникаларының әзірлігін пысықтап шықты.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.