5.11.2018, 18:47
Қараулар: 162
Басты құжаттың бағдары айқын  

Басты құжаттың бағдары айқын  

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында Қаратөбе ауылдық округі бойынша ақпараттық-насихатшы топ жетекшісі Мәулен Қожахметов тұрғындарымен кездесті.

 

Кітапханада өткен дөңгелек үстелде Мәулен Ғалиоллаұлы Жолдаудағы негізгі бағыттарға тоқталып, маңызды құжаттың мазмұнына шолу жасады. Елбасымыздың Жолдауы еліміздің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істер екендігін айтып өтті.

Тұрғындар Президент Жолдауын жылы қабылдап, Елбасының қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналғандығы туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген ұстаз мәртебесінің артуы, жалақының өсуі, жастарға деген мемлекеттік қамқорлық секілді мәселелер қызу талқыланды.
Жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов бұл жолғы Жолдауда да, өткенді саралай отырып, болашаққа баянды істермен қадам басу керек екендігі нақты көрсетілгенін атап өтіп, ел дамуына ерекше серпін беретін бұл стратегиялық құжаттың ел дамуына ерекше серпіліс әкелетіндігіне сенім білдірді.

Бұдан бөлек, жиын барысында сөз сөйлеушілер Жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, оның қарапайым халық үшін тиімді жақтарына тоқтала отырып, Елбасы Жолдауында айтылып кеткен міндеттер мен мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктеу екенін де тілге тиек етті.
Шараға қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Елбасы Жолдауын насихаттап, білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететінін жеткізді. Соның ішінде аудандық кітапхана ұжымы да Президентіміздің Жолдауына қолдау білдіріп, өзекті мəселелер оңтайлы шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына сенім білдіріп, Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдайтынын және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосатындықтарын жеткізді.

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.