6.11.2018, 17:24
Қараулар: 166
Қаратөбеде электрондық кезек жүйесі іске қосылды

Қаратөбеде электрондық кезек жүйесі іске қосылды

Қаратөбеде аудандық жұмыспен қамту орталығында келушілер ағынын ресімдеуге және оңтайландыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық кешен – электрондық кезек жүйесі іске қосылды.

Электрондық кезек жүйесінің негізгі мақсаты – қызмет көрсету сапасын жақсарту, мекемеге келушілерді мақсатты түрде бағыттау және  қызметтер туралы ақпарат алу, оларға қызмет көрсету болып табылады.

– Аталмыш жүйе жұмысқа орналастыру, жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз адам ретінде тіркеу, әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстарға орналастыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, атаулы әлеуметтік көмек, қысқа мерзімді кәсіптік оқу, өзектендіру, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету сынды сегіз бағыт бойынша қызмет көрсетеді, — дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімше басшысы Жанаргүл Жылқышиева.

 

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.