9.11.2018, 18:05
Қараулар: 5
Аққозыдағы қос қуаныш

Аққозыдағы қос қуаныш

       Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қаратөбе ауданында бірнеше ірі жобалар жүзеге асып, халық игілігіне беріліп келеді. Аққозы ауылдық округінде биылғы жылы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының қолдауымен 4 жоба жүзеге асқан болатын. Бүгін жобалар қатары тағы  екі ізгілікті іспен толықты.

          Аққозы ауылдық округіне қарасты Бесоба ауылында қазіргі күні 29 үй бар. Онда 150-дей тұрғын тұрады. Ауылда халық таза ауыз су тұтынатын жалғыз құдық бар. Алайда, құдық үнемі қараусыз, ашық жататын. Құдық суына түрлі заттар түсіп, ластануын ойлаған ауыл тұрғыны Бекболат Байболатов құдыққа қоршау жұмыстарын жүргізген.  Суды қоршау сыртынан алатын қылып, электр қуатына жалғанған қондырғы орнатылған. Жоба құны 100 мың теңгені құрайды.

Ал, аққозылық жеке кәсіпкер Серікқали Нұрәділов болса Аққозы ЖОББМ оқушыларына құны 150 мың теңге тұратын 15 дана спорттық киім тарту етті.

–  Бұл мектеп мен үшін қымбат. Осы білім ошағынан балаларым білім алып, үлкен өмірге қадам басты. Жолдасым осы жерде ұзақ уақыт ұстаздық қызмет етіп, зейнетке шықты. Сондықтан, ауыл мектебі қашан да ыстық.

Мектеп оқушыларының спорттық сайыстарда топ жарып, алдыңғы қатардан көрініп жүргендігіне куәміз. Балалардың болашақтары алда. Аталмыш мектептен алдағы уақытта ел мақтанышына айналатын спортшылар шығатындығына сенімім мол, — дейді Серікқали Сарыұлы.

 

 

Ажаргүл ӘЛИЕВА,

Қаратөбе ауданы