9.11.2018, 18:11
Қараулар: 199
Бөрліден олжалы оралды

Бөрліден олжалы оралды

8 қараша күні Бөрлі ауданындағы Бөрлі колледжінде техника және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен облыстық футзал жарысынан Қаратөбе колледжі студенттері олжалы оралды.

Аталмыш жарысқа ұлдар арасында 6 команда, ал қыздар арасында 5 команда қатысып, бақтарын сынады.

–  Жарыста ойыншылар тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Бірі шабуылға ден қойса, екіншісі қорғанысқа күш салды.

Әр колледжден келген командаларды түрлі әдіс-айлалармен қарсылыстарын қапы қалдырған Қаратөбе колледжі командасы ұлдар арасында ІІ орынды еншілесе, қыздар командасы ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Қызықты әрі тартысты ойын нәтижесін көрсеткен  Қаратөбе колледжінің ұлдар командасы облыс орталығы Орал қаласында өтетін жарысқа жолдама алды, — дейді Қаратөбе колледжінің инженер технигі Ержан Серікұлы

 

 

Райымбек АБАЙ,

Қаратөбе ауданы

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.