14.11.2018, 14:40
Қараулар: 8
Қаратөбеде жалпыхалықтық диктант өтті

Қаратөбеде жалпыхалықтық диктант өтті

 

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Латын қарпіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деген болатын.

 

Қаратөбе ауданында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру» жөнінде іс-шараларына орай жалпы халықтық диктант өткізілді.

Диктант латын негізді қазақ әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының прктикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту,  нақтылай түсу мақсатын көздеді.

– Бұл латын алфавитін кеңінен таратуға бағытталған алғашқы жалпыхалықтық диктант. Диктант жазуға аудан бойынша 15 жастан асқан азаматтар қатысты. Диктант жазу бір мезетте мәдени ошақтарда, мектептерде, мекеме ұжымдарында ұйымдастырылды. Қаратөбе ауданы бойынша 3 мыңнан аса тұрғын жалпыхалықтық шараға атсалысты, — дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қайырғалиев.

 

 

 Райымбек АБАЙ,

Қаратөбе ауданы