15.11.2018, 17:39
Қараулар: 7
Қаратөбе ауданында Теңге күні аталып өтті

Қаратөбе ауданында Теңге күні аталып өтті

 

Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ұлттық валюта төл теңгеміздің 25 жылдығына және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне  орай  салтанатты жиналыс өтті.

 

Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан  аудан қаржыгерлерін  төл теңгеміздің айналысқа түскеніне  ширек ғасыр  толумен  және барша аудан қаржыгерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жиында аудан экономикасын арттыруға өз  үлестерін қосып  жүрген бір топ аудан қаржыгерлеріне  аудан әкімі Жанат Асантаевтың атынан алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында елеулі еңбектерімен көзге түскен салалар бойынша үздік  мамандар Баймұрат Жексенғалиұлы, Айгүл Тельманқызы, Нұрдәулет Қайратұлы, Уәлихан Сапиоллаұлы, Жарасқан  Нұрланұлы бар.

Ұлттық валютаның  25 жылдығына орай төл теңгеміздің тарихы мен оның маңызына тоқталған  Жасұлан Кәрелұлы аудан қажыгерлерінің еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы  қиын кезеңдерді артқа тастап, ширек ғасыр уақыт ішінде олардың атқарған игі істеріне ризашылығын білдірсе, мерекелік жиында құттықтау сөз сөйлеген ауданның бас қазынашысы Абзал Жәукенұлы әріптестеріне сәттілік тілеп, үлкен маңызға ие мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Тоғызбаев және аудан қаржыгерлері қатысты.

 

 

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                 Қаратөбе  ауданы