20.11.2018, 9:43
Қараулар: 5
Құли ата зираты қоршалды

Құли ата зираты қоршалды

Қаратөбе ауданына қарасты Үшағаш елді мекеніндегі емші, көріпкел Құли ата жерленген «Ақсуат» қорымы қоршалды. Қорымды қоршау ісін қолға алып, ізглікті шаруаның жүзеге асуына ұйытқы болған облыстық мәслихаттың депутаты – Құсайын Мұқанов. 

 

 

 

 

 

 

 

Қоршау жұмыстарының аяқталуына орай зират басына жиналған жамағат атынан аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев аруақты баба рухына арнап дұға оқыды.

Одан кейін көріпкелдігімен елге танылған Құли атаның рухына Үшағаш ауылындағы «Нұрай» тойханасында құран оқытылып, ас берілді.

Баба рухын қастерлеп,  қайырымды іс жасаған жанашыр азамат Құсайын Ізімұлына аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев және ата ұрпақтары зор алғыс айтып, алдағы ісіне табыс тіледі.

– Көріпкелдігімен талай адамға шарапаты тиген Құли ата зираты жатқан жерді қоршау ақсақалдар тарапынан айтылған болатын. Қорымды қоршау жұмысын қолға алып, оны аяқтауға уәде бергенмін. Осы уәделі істің сәті түсіп, ұзындығы 300 метр болатын қоршау жұмысы бір ай мерзім ішінде аяқталды. Ізгілікті жұмыстың жасалуы барысында көмектескен барша азаматтарға, атаның тума-туыстарына ризашылығымды білдіремін дейді, — жанашыр азамат Құсайын Мұқанов.

Ауыл ақсақалдары, ел азаматтары, Құли ата ұрпақтары бас қосқан дастарқан басында атаның өмір жолы, көріпкелдігі, емшілігі, адамгершілік қырлары айтылды.

 

 Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы