21.11.2018, 18:44
Қараулар: 101

Айнұр ҚАЙЫРЛИЕВА,

аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдістемелік-библиографиялық  бөлімінің редакторы:

– Бүгін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ұжымымызбен отырып оқып, талқыладық. Бұл жоба  өзінің көкейтестілігімен және дәл уақытында жазылуымен таңқалдырды.

Төл тарихын білетін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін халықтың болашағы зор! Халқымыз – тарихқа, мәдениетке, айшықты тілге ие, ізгі, дәстүршіл халық. Ұлтымыздың осы қасиетін  сақтап, қорғап, оған мұрагерлік етіп, оны одан әрі дамыту – бүгінгі ұрпақтың борышы.

Президент нақтылап атап өткен Ұлы даланың Жеті қырының әрқайсысы әр қазақстандықтың бойына ерекше мақтаныш сезімін ұялатады. Ал, тарихи өткенімізді тану аясында жүретін жеті жылдық «Архив-2025» бағдарламасы, «Ұлы даланың Ұлы есімдері» білім беру-тәрбиелеу бағытындағы Парк-энциклопедияларын жасау, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» жобасын іске асыру, біздің ортақ тарихымыздың көптеген белгісіз беттерін ашып беретін болады. Алдымызда тұрған ендігі міндет – Елбасы анықтап берген сол басымдықтарды іске асыруға қоғам болып жұмылу.

Бұл ауқымды жобаға Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы да өз өлкеміздің тарихын  танып білуге,  ұлы есімдерімізді оқырмандарымызға насихаттауды іске асыруға бір кісідей атсалысып, үлестерін  қосатын болады.

 

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.